Accessibility links

Чехияның Ческе-Будеевице қаласы Сталинді құрметті азамат атағынан айырды


Чехияның Ческе-Будеевице қаласы.
Чехияның Ческе-Будеевице қаласы.

Чехияның Ческе-Будеевице қаласының билігі Иосиф Сталинді "Қаланың құрметті азаматы" деген атағанына айырды деп хабарлады Чехияның қоғамдық телеарнасы.

Сталинге бұл атақ 1945 жылы берілген. Сталинді бұл атағынан айыру туралы дискуссия көктемде басталған. Бірақ қала басшысы бұл бастамаға қарсы болған.

Ческе-Будеевиц қаласының құрметті азаматы атағы барлығы 118 азаматқа берілген. Олардың қатарында совет ғарышкері Валентина Терешкова да бар. Оған бұл атақ 1979 жылы берілген. Сол уақыттан бері құрметті азамат атағы ешкімге берілмеген. Бұған дейін Чехияның басқа да ірі қалалары Сталинді құрметті азамат атағынан айырған.

XS
SM
MD
LG