Accessibility links

ТЖД: Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені деңгейі төмендей бастады


Петропавл іргесіндегі Заречный ауылында су әлі тұр. 16 мамыр 2017 жыл.
Петропавл іргесіндегі Заречный ауылында су әлі тұр. 16 мамыр 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі мәлімет бойынша 44 үйде әлі су тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) хабарлауынша, Қызылжар ауданындағы Тепличный ауылынан 20800 текше метр, Прибрежный ауылынан 3200 текше метр су сорып шығарылды. Петропавл қаласының іргесіндегі Заречный ауылынан 6069 текше метр, Былғары зауыт шағын ауданынан 15141 текше метр, Ойқала шағын ауданында 24750 текше метр су сорып алынды. 16 мамыр күнгі ақпарат бойынша Есіл өзеніндегі Сергеев бөгенінде су деңгейі 6 сантиметрге төмендеген.

11 мамыр күнгі ресми ақпарат бойынша 234 үйді су басып тұрған болатын.

СҚО билігі мен төтенше жағдайлар қызметі өңірде су деңгейі төмендеп келе жатқанын бұған дейін де хабарлаған. Бірақ тұрғындар судың беті қайтып жатыр дегенге сенбейтінін айтқан.

Азаттықтың Петропавл қаласының маңындағы су тасқынына қатысты видеосы (11 мамыр 2017 жыл)

Тұрғындар судың азаймағанын айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

XS
SM
MD
LG