SpaceX компаниясы орбитаға жаңа телекоммуникациялық спутник ұшырды. Спутник ұшақтар мен кемелерде жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізіп, жолаушылардың Wi-Fi желісін пайдалануына мүмкіндік тудырады деп жоспарланған.
Спутник АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі айлақтан ұшырылды. Салмағы жеті тоннаға жуықтайтын аппаратты Falcon-9 зымыран тасығышы тіркеп ұшты. Америкалық БАҚ спутниктің көлемін автобуспен теңестіріп жатыр. Falcon-9 бұрын-соңды орбитаға мұндай көлемдегі жүк я спутник шығармаған.
SpaceX жекеменшік ғарыш компаниясы ғарышқа көп рет ұшырылатын зымырандарды ұшырады. Бұл ғарыш аппараттарын орбитаға шығару құнын арзандатады. Компания екі апта бұрын орбитаға АҚШ барлау қызметінің спутнигін жеткізген.