Accessibility links

Путин ФСБ-ға жер тәркілейтін құқық берді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейде федералдық қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) азаматтардың жер телімдерін "мемлекет қажеті" үшін тәркілеп алуға құқық берілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин шығарған жарлық 16 мамырда күшіне енді.

Қауіпсіздік қызметі мұндай құқықтың "ерекше шартпен пайдаланылатын аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілгенін" айтады.

Биыл наурызда Владимир Путин федералдық күзет қызметіне де осындай құқық берген.

XS
SM
MD
LG