Accessibility links

Нью-Йорк биржасында акциялар бағамы күрт төмендеді


Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер.
Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер.

17 мамырда Нью-Йорк қор биржасында акциялар құны кәдімгідей түсті. Нью-Йорк биржасында мұндай ірі құлдырау былтырғы қыркүйектен бері болмаған.

Биржадағы Dow Jones және S&P 500 индекстері екі күнде бір жарым пайызға түсіп, ең алдымен банктердің индекстері зардап шекті. Nasdaq жоғары технологиялар компаниясының индексі 2,5 пайызға арзандады. Доллардың өзге ірі валюталарға шаққандағы бағамы да былтырғы президент сайлауы қарсаңындағы деңгейіне дейін арзандады.

Биржадағы ауытқушылықтың негізгі себебі - Трамп әкімшілігі айналасындағы саяси жанжалдар болып отыр. Бұл инвесторлардың президенттің салық пен бизнесті реттеуге қатысты ойға алған іргелі реформаларды жасай алу қабілетіне деген сенімін бұзады.

Қор биржасындағы жағдай күрделене бастаған тұста инвесторлар капиталдарын анағұрлым сенімді активтер - облигация мен алтынға сала бастады.

Brent маркалы мұнай бағасы бір пайыздан көп көтеріліп, баррелі 52 доллар 11 центке жетті.

XS
SM
MD
LG