Accessibility links

АҚШ Иран санкциясын жеңілдету режимін ұзартты


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иранға 2015 жылғы келісім аясында енгізілген санкцияны жеңілдету режимін ұзартты. Ақ үй сонымен қатар Тегеранның зымыран жасау бағдарламасына байланысты жаңа шектеу шараларын қабылдады.

АҚШ мемлекеттік департаменті конгреске санкцияны жеңілдету режимін сақтауға шақырды. Бұрынғы президент Барак Обаманың санкцияны жеңілдету туралы бұған дейінгі өкімінің жақын арада мерзімі аяқталады.

Трамп сайлауалды кампаниясында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен әлемдік державалар арасындағы келісімді жоюы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ал АҚШ қаржы министрлігі Иран қорғаныс министрлігінің екі қызметкеріне және Иранның зымыран бағдарламасын қолдағаны үшін америкалық және қытайлық екі компанияға қарсы санкция салған.

Вашингтон санкцияны жеңілдету туралы келісім күшін ұзарту туралы шешімді Иранда президент сайлауына екі күн қалғанда шығарып отыр. Бұл екінші мерзімге сайланудан үмітті іс басындағы прездиент Хассан Роуханидің рейтингін көтеруге ықпал етуі мүмкін. 2015 жылғы келісім бойынша, Обама әкімшілігі Иранның ядролық бағдарламасын қатаң бақылап, бұл елге салынған санкцияларды жоюға келіскен.

XS
SM
MD
LG