Accessibility links

Порошенконы Ресей сайттарын бұғаттағаны үшін сотқа берді


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украиналық құқық қорғаушы әрі заңгер Роман Лихачев Украина президенті Петр Порошенкодан елде ресейлік сайттар мен әлеуметтік желілерді бұғаттан шығаруын талап етіп, сотқа берді.

Лихачев Facebook-тегі парақшасында бұғаттау туралы өкімді "заңсыз әрі азаматтардың құқығын бұзып, еркіндіктерін шектеу" деп атап, Порошенконың әрекетін Солтүстік Корея билігінің саясатымен салыстырды.

Кеше Human Rights Watch халықаралық ұйымы Порошенкодан ресейлік интернет-ресурстарды бұғаттауын дереу тоқтатуды талап етіп, Киевті елде сөз бостандығын қорғауға шақырған. Журналистерді қорғау халықаралық комитеті де осыған ұқсас мәлімдеме жасады.

Порошенко 16 мамырда Ресейге қарсы санкцияны кеңейту туралы жарлық шығарып, шектеуге ілінген азаматтар мен заңды тұлғалар тізімін ұлғайтқан. Жарлық бойынша Украинада ресейлік "ВКонтакте" және "Одноклассники" әлеуметтік желілері мен "Яндекс" және Mail.Ru Group қызметтері бұғатталған. Порошенконың пікірінше, Ресей бұл интернет-ресурстарды пропаганда құралы ретінде пайдаланады.

Украина Қырымды аннексиялап, Донбастағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейге қарсы бірінші рет 2015 жылы қыркүйекте санкция салған.

ВИДЕО: Украина санкциясының жайын "Жаһан жаңалықтарынан" көріңіз (16.05.2017)

Жаһан жаңалықтары 16.05.2017
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:02 0:00

XS
SM
MD
LG