Accessibility links

Светлана Алексиевич "қайтыс болғаны" туралы ақпарды жоққа шығарды


Светлана Алексиевич, беларусь жазушысы.
Светлана Алексиевич, беларусь жазушысы.

Әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығының иегері, беларусь жазушысы Светлана Алексиевич өзінің "қаза болғаны" туралы ақпарды жоққа шығарды. Азаттықтың Беларусь редакциясының тілшілері жазушыға хабарласып, сөйлесті. Алексиевич қазір Сеулде екенін, өзінде барлығы жақсы екенін айтты. "Әлдебіреулер төзе алмай жүрген шығар" деді ол өзінің "көз жұмғаны" туралы қауесет жайлы.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Франция мәдениет министрі Франсуаз Ниссеннің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасап жазушының "қайтыс болғанын" хабарлаған еді. Кейін Алексиевичтің өлімі туралы ақпардың жалған екені анықталды. Бұл аккаунттағы жазбаның жалған екенін италиялық журналист Томассо Дебенедетти мойындады. Дебенедетти мұндай жалған хабарларды бұрын да таратқан. Ол жалған ақпарды "БАҚ-ты қалай ақымақ қылуға болатынын көрсету үшін" жариялайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG