Нью-Йорктің орталық Таймс-сквер алаңында жеңіл көлік қатты жылдамдықпен жүйткіп келіп жаяу жүргіншілерді қағып, бір адам қаза тапты. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазионың хабарлауынша, оқиғадан 18 жастағы қыз мерт болып, 23 адам зардап шеккен. Полиция комиссары Джеймс О'Нил оқиғаға қаланың Бронкс ауданында тұратын 26 жастағы Ричард Рохас күдікті екенін айтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның терроризммен байланысы жоқ. Тергеушілер жүргізушінің қанында алкогольдің бар-жоғын анықтап жатыр. Дегенмен, бұл істі полициямен бірге Федералдық тергеу бюросы да тергеп жатыр.
Құқық қорғау органының өкілі France Press агенттігіне бұл оқиғаның "жол-көлік оқиғасына ұқсайтынын" хабарлаған.