Accessibility links

Мәскеуде 26 наурыздағы митингіге қатысқан адам сотталды


Мәскеудегі оппозиция ұйымдастырған коррупцияға қарсы шеру. 26 наурыз 2017 жыл.
Мәскеудегі оппозиция ұйымдастырған коррупцияға қарсы шеру. 26 наурыз 2017 жыл.

Мәскеу соты 26 наурыздағы үкіметтегі коррупцияға қарсы митингіге қатысқан Юрий Кулийді "полицияға шабуылдады" деп айыптап, сегіз айға соттады. Кулий митингіде полицияны жарақаттады деп айыпталды.

Кулий кінәсін мойындап, үстінен арызданған полициядан кешірім сұрады. Кулиймен тағы үш адам - Александр Шпаков, Станислав Зимовец және Андрей Косых полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған. Оппозиционер Алексей Навальный ұйымдастырған коррупцияға қарсы марш кезінде мыңнан астам адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG