Accessibility links

ЖСДП БЖЗҚ қаржысын әзербайжан банкіне салу жайын тексеруді талап етті


Бакудегі Әзербайжан халықаралық банкінің кеңсесі.
Бакудегі Әзербайжан халықаралық банкінің кеңсесі.

Өзін оппозиция санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) азаматтардың зейнетақы жарналары түсетін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қызметі туралы толық есеп берілуін талап етті.

ЖЛДП мәлімдемесінде партияның президент пен үкіметтен "БЖЗҚ-ның Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларын сатып алуын" тексеріп, "Қазақстанға шығын келтіретін мұндай шешім қабылдауға кінәлілерді жауапқа тартуды" талап етеді. Өткен аптада Әзербайжан банкі халықаралық кредиторларға төлем жасаудан бас тартатынын мәлімдеген.

Қазақстандық кейбір экономистердің мәліметінше, БЖЗҚ-ның 71 миллиард теңгеден астам қаржысы (шамамен 225 миллион доллар) Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларына салынған. Бұл сома - зейнетақы қорында жиналған жалпы қаржының бір пайызын құрайды. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқаратын Ұлттық банк әзірге Әзербайжан банкіне қаржы салынғаны туралы ақпаратқа комментарий берген жоқ.

ЖСДП елде зейнетақы жарналарын сақтаудың орнықты жүйесі жоғын айтып, қалыптасқан жағдайды ұлтық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп атады. Партия БЖЗҚ қаржысын әзербайжан банкіне инвестициялау туралы шешімді кім қабылдағанын жариялауды сұрайды. ЖСДП сонымен қатар билікті БЖЗҚ-ның құрылған кезден бергі қызметіне мұқият тәуелсіз аудит жүргізіп, оның қызметі туралы есепті көпшілікке жариялауды талап етеді.

AzattyqLIVE хабарында БЖЗҚ активтерін Әзербайжан банкіне инвестициялау мәселесіне қатысты сауалдарға экономист Рақым Ошақбаев жауап берді (18.05.2017):

XS
SM
MD
LG