Accessibility links

Гулмурод Халимовтың туыстары қудалауға ұшырағанын айтты


Гулмурод Халимов, бұрынғы тәжік полковнигі (Видеодан алынған кадр)
Гулмурод Халимов, бұрынғы тәжік полковнигі (Видеодан алынған кадр)

Тәжікстанда бұрын ішкі істер министрлігінде арнайы полиция жасағының (ОМОН) командирі болған, "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымына қосылған Гулмурод Халимовтың туыстары бірнеше жыл бойы тыныштық көрмегенін мәлімдеді.

Халимовтың бірінші әйелі және төрт баласы Варзоб ауданындағы Дараи Фони ауылында тұрады. Үлкен қызы Нилуфар Халимова тоғызыншы сыныпта оқиды. Оның айтуынша, 2015 жылы әкесі Сирияға кеткен соң, олардың үйіне құқық қорғау органдардың қызметкерлері тергеуге келетін болған.

"Біз әбден қорқып қалдық. Біздің жағдайымыз қазір өте қиын, ақша да жоқ" деді Халимова. Оның айтуынша, биыл сәуірде арнайы қызмет 18 жастағы ағасы Бехруз Гулмуродовты ұстап әкеткен соң, отбасындағы жағдай одан сайын ауырлаған.

Халимовтың бірінші әйелі Назокат Муродованың хабарлауынша, 17 мамыр күні оны баласымен жолықтырмай қойған.

Гулмурод Халимов бұрын терроризмге қарсы америкалық дайындық орталықтарында дәріс алған. Ол 2015 жылы сәуірдің соңында жоғалып кетіп, бір айдан соң Сирияда жүргені белгілі болды. АҚШ ол туралы мәліметке 3 миллион доллар тіккен.

XS
SM
MD
LG