Accessibility links

АҚШ президенті Трамп алғашқы шетелдік сапарға аттанды


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясы патшасы Салман ибн Абдел Азиз әл-Саудтың суреттері бар жарнама. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 19 мамыр 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясы патшасы Салман ибн Абдел Азиз әл-Саудтың суреттері бар жарнама. Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 19 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Сауд Арабиясына аттанды. Бұл оның президент қызметіндегі алғашқы шетелдік сапары. Эр-Риядтан кейін Трамп Израиль, Ватикан және Бельгияға барады, сапар соңында Италиядағы «үлкен жетілік» саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Эр-Риядтағы кездесуде Трамп өзіне дейінгі Ақ үй әкімшілігі кезінде салқындық пайда болған АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жақсартуға тырысады деп хабарланды.

Талдаушылардың болжамы бойынша, Трамп адам құқығы мәселелерінен гөрі терроризммен күрес және Иранның өктемпаздығына қарсы әрекеттерге көбірек мән беруі мүмкін. АҚШ президентінің Таяу Шығыс аймағына сапары Иранда президент сайлауы өтіп жатқан күнге дөп келді.

Брюссельде АҚШ президенті НАТО елдері жетекшілерінің бейресми кездесуіне, одан кейін Италияның Сицилиясында «үлкен жетілік» саммитіне қатыспақ.

XS
SM
MD
LG