Accessibility links

Армения өмірлік түрме жазасын алған Пермяковты Ресейге берді


Бір отбасындағы жеті адамды өлтріген деп айыпталған ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяков (оң жақта) сот залында. Гюмри, 18 қаңтар 2015 жыл.
Бір отбасындағы жеті адамды өлтріген деп айыпталған ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяков (оң жақта) сот залында. Гюмри, 18 қаңтар 2015 жыл.

Армения Гюмри қаласында бір отбасының жеті адамын өлтірген қылмысқа айыпты деп танылып, өмірлік түрме жазасына кесілген ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяковты Ресейге берді.

2015 жылғы қаңтарда Аветисян отбасындағы жеті адам бір жарым жастағы нәрестемен қоса Гюмридегі үйінде өлтірілген еді. Бұл қылмысқа күдікті ретінде ұсталған Гюмриде орналасқан ресейлік әскери бөлім қызметкері Валерий Пермяков тергеу кезінде қылмыс жасағанын мойындаған.

2016 жылғы тамызда Армения соты Пермяковты жеті адамның өліміне айыпты деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырған. Апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырды.

Ресей мен Армения арасында жасалған келісім бойынша, Ресей жағы Арменияның сұрауы бойынша Пермяковтың жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер беріп отырады.

XS
SM
MD
LG