Accessibility links

Астанаға қонуға мәжбүр болған ұшақ Италияға сапарын жалғастырған


 Астана халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет.)
Астана халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан астанасының әуежайына кестеден тыс қонған Италияның Neos әуе компаниясының жолаушылар ұшағы техникалық ақауды жөндегеннен кейін сенбі күні таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 05:30-да өз бағыты бойынша ұшып кетті деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.

Бұған дейін Қытайдың Нанкин қаласынан Италияның Милан қаласына NO947 рейсімен жолаушылар апара жатқан ұшақ жұма күні Астана халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болғаны хабарланған.

272 жолаушысы бар ұшақта техникалық ақау барын хабарлаған экипаж Астана әуежайына қонуға рұқсат алған. Ұшақтағы жолаушылардың барлығы Қытай азаматтары деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG