Accessibility links

Дональд Трамп Сауд Арабиясының жоғары орденімен марапатталды


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Сауд Арабиясы патшасы Салман ибн Абдел Азиз әл-Сауд (оң жақта). Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 20 мамыр 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Сауд Арабиясы патшасы Салман ибн Абдел Азиз әл-Сауд (оң жақта). Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 20 мамыр 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трампты Сауд Арабиясының жоғары мемлекеттік наградасы – биліктегі династияның негізін қалаушы Абдел Азиз атындағы орденімен марапаттады. Эр-Риядқа сапармен келген Трампқа орденді Сауд Арабиясының қазіргі патшасы Салман ибн Абдел Азиз әл-Сауд табыс етті.

Эр-Риядта өткен келіссөздер қортындысы бойынша Сауд Арабиясы АҚШ-тан жүз миллиард доллардан астам соманың қару-жарағын сатып алатыны туралы келісімге қол қойылған. Ақ үйдің мәлімдеуінше, келісім «Иран төндіретін қауіп-қатерге» қарсы бағытталған және АҚШ-тың осы аймақ қауіпсіздігіне бейіл екенін паш етеді.

Сонымен бірге 150 америкалық Blackhawk тікұшағын Сауд Арабиясында құрастыру туралы келісімге де қол қойылады деп жоспарланған. Екі тарап әуе шабуылынан қорғану жүйесін дамыту саласындағы әріптестік туралы келісім жасасқан.

Трамп Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарда адам құқығы мәселелеріне емес, терроризммен күреске басымдық беріп, бұл елмен байланысты жақсартуға үміттеніп отырғаны айтылады.

Эр-Риядтан кейін Трамп Израиль, Ватикан және Бельгияға барады, сапар соңында Италиядағы «үлкен жетілік» саммитіне қатысады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG