Accessibility links

Берлинде G20 денсаулық сақтау министрлері кездесті


Таяқша пішінді бактерия. (Көрнекі сурет.)
Таяқша пішінді бактерия. (Көрнекі сурет.)

Германия астанасында алғаш рет кездескен "үлкен жиырмалық" елдері денсаулық сақтау министрлері өзекті проблемаларды, ең алдымен антиботиктерге алдырмайтын штамм түрлеріне қарсы бірлесіп шешім қабылдау туралы келіскен. Бұл салада ұлттық іс-шараларды жүзеге асыруды 2018 жылдың соңына дейін бастау ұйғарылған.

Биыл "үлкен жиырмалыққа" төрағалық етуші Германия әлем бойынша экономикасы ілгері 20 елдің өкілдерінің тұңғыш рет бас қосып, антибиотиктерді тек рецепт бойынша сатуды міндеттеу тәрізді маңызды проблеманы шешуде бірлескен іс-шара қабылдауға келіскен Берлиндегі кездесуді "маңызды бетбұрыс" деп атаған.

Еуропа Одағының мәліметі бойынша, оның құрамындағы 28 елдің өзінде ғана дәрі-дәрмекке бой алдырмайтын бактерия штаммдарының жаңа түрлерінен жыл сайын кемінде 25 мың адам қайтыс болады.

XS
SM
MD
LG