Accessibility links

Қазақстан садақ ату құрамасы әлем кубогында алтын алды


Садақ ату спорты. (Көрнекі сурет.)
Садақ ату спорты. (Көрнекі сурет.)

Садақ атудан Шанхайда (Қытай) аяқталған әлем кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста алтын медаль иеленді.

Қазақстандық Денис Ганкин, Ойрат Сайдиев, Санжар Мұсаев үштігі финалда олимпиада чемпиондары Оңтүстік Корея құрамасын 5:4 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы финалға дейін АҚШ, Ресей, Жапония командаларынан басым түскен.

Бұл - Қазақстанның садақ атудан әлем кубогы тарихында алған алғашқы медалі. Әлем кубогының екінші кезеңі 6-11 маусымда Анталияда (Түркия) өтеді.

XS
SM
MD
LG