Accessibility links

Ресей думасы Transparency International ұйымына қарсы шағым бермек


Ресей аннексиялап алған Қырымның бұрынғы прокуроры, Ресей мемлекеттік думасының мүшесі Наталья Поклонская.
Ресей аннексиялап алған Қырымның бұрынғы прокуроры, Ресей мемлекеттік думасының мүшесі Наталья Поклонская.

Ресей мемлекеттік думасы мүшелері прокуратурадан әлем бойынша коррупцияға қарсы күресу және коррупция деңгейін зерттеумен айналысатын Transparency International халықаралық ұйымы өкілінің мемлекеттік дума депутаты Наталья Поклонскаяға қатысты тексеру бастағандары туралы мәлімдемесінің заңдылығын тексеруді талап етпекші. Мемлекеттік думаның қауіпсіздік және коррупцияға қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеті жетекшісі Василий Пискарев тиісті сауал прокуратураға дүйсенбі күні тапсырылады деп мәлімдеген. Бұған дейін Ресей парламентінің төменгі палатасы Transparency International ұйымының депутат Поклонскаяның іс-әрекетін тексеру туралы ниетін «бопсалау» деп атаған.

Ресей аннексиялап алған Қырымның бұрынғы прокуроры, Ресей мемлекеттік думасының мүшесі Наталья Поклонская сенбі күні ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный негізін қалаған «Коррупциямен күрес қорын» және Transparency International ұйымын тексеруді ұсынған. «» Депутаттың сөзінше, «қоғамның тыныштығын бұзып, дүрліктірумен айналысатын бұл ұйымдардың өздерінде былық бар-жоғын анықтау үшін» оларды тексеру артық болмайды. Депутаттың осы сөзінен кейін Transparency International ұйымының ресейлік бөлімшесі жетекшісінің орынбасары Илья Шуманов Поклонскаяға қатысты тексеру басталатыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG