Accessibility links

Ауғанстанда бақылау-өткізу бекеттері мен қонақүйге шабуыл жасалды


Кабулдағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбазы. Мамыр 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Кабулдағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбазы. Мамыр 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның оңтүстігінде бірнеше бақылау-өткізу пункті содырлардың шабуылына ұшырап, қауіпсіздік қызметінің кем дегенде 20 қызметкері қаза тапты деп хабарлады ауған билігі. Кабулда содырлар қонақүйге шабуылдап, гуманитарлық миссия қызметкері - шетел азаматы мен күзетші - ауған азаматы қаза тапты. Шабуыл жасаған Финляндия азаматын ұрлап әкетті.

Забуль уәлаяты әкімшілігінің өкілі Гүл Ислам Сеял 21 мамырда бақылау-өткізу пунктіне шабуылдар 20 мамыр күні кешке "Талибанның" он шақты содыры Шах-Джой ауданында қауіпсіздік күштерінің бекеттеріне бір мезетте шабуылдаған соң жасалғанын айтты. Сеял шабуылдардан қауіпсіздік қызметінің кем дегенде 10 қызметкері, оның ішінде полицейлер жараланғанын хабарлады. Сеялдың сөзінше, содырлар уәлаят орталығы Калат қаласында шабуыл жасады. Шабуыл жауапкершілігін талибтер мойнына алды.

Елдің оңтүстігіндегі шабуылдарды әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Кабулдің орталығындағы қонақүйді швед қайырымдылық ұйымы басқарады.

XS
SM
MD
LG