Accessibility links

Манчестерде стадионда жарылыс болып, 19 адам қаза тапты


Манчестердегі жарылыс болған орын. Ұлыбритания, 23 мамыр 2017 жыл.
Манчестердегі жарылыс болған орын. Ұлыбритания, 23 мамыр 2017 жыл.

Ұлыбритания полициясы елдің солтүстігіндегі Манчестер қаласында концерт өтіп жатқан аренада болған жарылыстан 19 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланғанын хабарлады. Жарылыс 22 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22 шамасында, төбесі жабық Manchester Arena концерт залында америкалық поп әнші Ариана Гранденің концерті аяқталып, жұрт тарқай бастаған кезде болды. Куәгерлер "күшті жарылыс үні естілгенін" айтады.

"Полиция әзірге жарылысты террорлық акт деп бағалайды, бірақ бұл әлі нақтыланған жоқ" деп хабарлады Манчестер полиция қызметі Twitter-де.

Reuters агенттігі америкалық екі шенеунікке сілтеме жасап шабуылдың алғашқы алдын ала белгілері оны жанкешті жасаған болуы мүмкін екенін көрсететінін хабарлады. Бірақ Ұлыбритания полициясы бұл болжамды растай қоймады.

Полиция жұртты жарылыс болған аумаққа бармауға шақырып, ол жақта саперлер жұмыс істеп жатқанын айтты.

Концерт залына жақын аумақтарды әскери полиция шолып жүр. Жақын маңдағы темір жол станциясы жабылды.

Гранде ән шырқаған Manchester Arena концерт залы Еуропадағы ең үлкен сахна саналады, жарылыс болған күні оған 22 мың адам жиналған.

XS
SM
MD
LG