Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі бюро Елеусінов пен Құшақбаевты босатуға шақырды


Әмин Елеусінов, Oil Construction Company кәсіподағының жетекшісі. Астана, 14 наурыз 2017 жыл
Әмин Елеусінов, Oil Construction Company кәсіподағының жетекшісі. Астана, 14 наурыз 2017 жыл

Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюро билікті Oil Construction Company (OCC) компаниясы кәсіподағының жетекшілері, сотталған Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевты босатуға және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының (ҚТКК) басшысы Лариса Харьковаға қарсы қылмыстық істі тоқтатуға шақырды.

Бюро бүгін жарияланған мәлімдемесінде сонымен қатар Астананы кәсіподақтар туралы заңды қайта қарауға да шақырды. Құқық қорғаушылар ол заңды халықаралық стандарттарға және Қазақстанның мойнына алған міндеттемелеріне қайшы дейді.

Елеусінов пен Құшақбаевтың сот процестерін бақылаған құқық қорғаушылар екі сот та OCC жұмысшаларының 5-22 қаңтарда Ақтауда ҚТКК-ны жоюға қарсы аштық жариялауымен байланысты екенін айтады. Бюро мәлімдемесінде сотта арнайы қызметтің Құшақбаев пен Елеусіновтің телефондарын ұзақ уақыт бойы тыңдап клегені анықталғаны айтылады. "Кәсіподақтың екі жетекшісіне шығарылған жаза биліктің олардың кәсіподақ бірлестігін қорғау әрекетіне берілген жауабы екеніне еш күмән жоқ" дейді құқық қорғаушылары.

Өткен аптада Астанада соты кәсіподақ қаржысын жымқырды, полицияға бағынбады, тілдеді және қарсылық көрсетті деп айыпталған Елеусіновті екі жылға соттаған. Елеусіновтің адвокаты оның денсаулығы нашарлау болғандықтан айыптаушы тараппен айыбын мойындайтыны туралы процессуалдық келісім жасасқанын мәлімдеген.

Әмин Елеусіновке шыққан сот үкімі (16.05.2017)

Екі жылға сотталған Елеусінов "Басқа амалым бар ма?" деді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Астана соты Нұрбек Құшақбаевты өткен айда заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатты деп айыптап, екі жарым жылға соттаған. Құшақбаев айыбын мойындамаған.

Қазақстандық адам құқықтары бюросы Харьковаға қатысты кәсіподақ қаржысын иеленіп, талан-таражға салды деген айып бойынша қозғалған іске де назар аударған. Құқық қорғаушылар Харьковаға қысым жасалғанын, бұдан соң оның "баспасөз конференциясын өткізіп, ҚТКК-ны жабудың заңды екенін мәлімдеуге мәжбүр болғанын" айтады. Қаңтарда Шымкентте сот ҚТКК-ны жабу туралы шешім шығарған. Апелляциялық сот ол шешімді күшінде қалдырған.

Мұнайшылар аштығы туралы репортаж (26.01.2017)

Соңы сотқа ұласқан аштық
please wait

No media source currently available

0:00 0:09:24 0:00

Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі бюро - 1992 жылы құрылған, үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым. Бюро директоры - белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

XS
SM
MD
LG