Accessibility links

Уәкіл түрме жанындағы балалар үйін көшіруді ұсынды


Әйелдер колониясындағы тұтқындар (Көрнекі сурет).
Әйелдер колониясындағы тұтқындар (Көрнекі сурет).

Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі (омбудсмен) әрі парламент депутаты Зағипа Балиева Алматы облысының Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 түзеу колониясы жанындағы балалар үйін түрме аумағынан шығаруды немесе балалы әйелдердің жазасын өтеуін балалары бес жасқа толғанға дейінгі мерзімге шегеру тәжірибесін жаппай қолдануды ұсынды. Балиева бұл туралы Астанада өткен, Penal Reform International-дің (PRI) Орталық Азиядағы өкілдігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтты. Шарада колониялардағы әлсіз тортардың құқықтары талқыланып жатыр.

- Жауғашты елді мекенінде бөбектер үйіндегі 33 бала еркін елдің ерікті азаматтары. Қазір заңды негізсіз жазасын өтеу орнында тұрып жатқан бұл азаматтарға қатысты шешім шыққан жоқ. Яғни, аналары жазасын өтеп жатыр, ал балалары ол кезде түрмеде отырады. Біз кем дегенде елдің 33 азаматының құқығын бұзып отырмыз, - деді Балиева.

Оның сөзінше, Қазақстан түрмелері әуелде әйелдер мен балалардың қажеттіліктерін ескермей салынған. Түрме статистикасы бойынша, қазір Қазақстанда түрмеде отырған 36 мың тұтқынның6,5-7 пайызға жуығын әйелдер, шамамен 3 пайызын кәмелетке толмағандар құрайды.

PRI мен Еуропа Одағының өкілдігінің Қазақстанда жазаны өтеу орындарындағы кейбір категориядағы тұтқындардың әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан әлсіз қорғалуы мәселелеріне жасаған зерттеуі бойынша, Жауғашты түрмесіндегі балалар үйі ескі ғимаратта орналасқан және жылу мен су құбыры жүйелері тозған.

Өткен жылы бұл колонияға барған құқық қорғаушылар ол жерде тұрып жатқан, 3-ке толмаған балаларды қарайтын жекелеген аурулар бойынша дәрігерлер жетіспейтінін анықтаған.

PRI дөңгелек үстелінде Қазақстандағы кәмелетке толмағандарға арналған жалғыз колония - Алматы облысындағы ЛА-155/6 мекемесіне қатысты ұсыныстар айтылды. Ресми мәлімет бойынша, мұнда қазір 44 адам жазасын өтеп жатыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл сотталған жасөспірімдер жазасын тұрғылықты жерінде, туыстарына жақын өтеуі шарт және "мемлекет кәмелетке толмағандарды жазалауды жағдай жасамау арқылы қатаңдата түспеуі тиіс".

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG