Accessibility links

Өзбекстан Орталық банкі басшысының қайтыс болғаны хабарланды


Файзулло Мулложонов, Өзбекстан Орталық банкінің қайтыс болған басшысы.

Өзбекстан Орталық банкін ұзақ жыл басқарған төраға Файзулло Муллажонов 67 жасында қайтыс болды деп хабарлады елдегі бірнеше жартылай ресми сайттар. Орталық банктегі дереккөздері Азаттыққа банкті 14 жыл басқарған Муллажоновтың 23 мамырда Ташкентте қайтыс болғанын растады. Кейбір мәлімет бойынша, банк төрағасының міндетін атқарушы болып төрағаның орынбасары Саидкамол Ходжаев тағайындалды. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Өзбекстан билік тармақтарындағы жоғары қызметте ең ұзақ отырғандардың бірі саналатын Муллажоновтың денсаулығы соңғы екі жылда нашарлап кеткен болатын. Бұрынғы президент Ислам Каримов оның тіпті бүйрегі істемей қалса да отставкасын қабылдаудан бас тартқан еді. Муллажонов бірнеше рет комаға да түсіп қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG