Accessibility links

АҚШ Будапешті ОЕУ-ді жабатын заңның орындалуын кейінге қалдыруға шақырды


Будапештегі Орталық Еуропа университетін жабуға қарсылық акциясы. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл.
Будапештегі Орталық Еуропа университетін жабуға қарсылық акциясы. Венгрия, 9 сәуір 2017 жыл.

АҚШ билігі Венгрия үкіметін жоғары білім туралы заңға Будапештегі Орталық Еуропа университетінің жабылуына әкеліп соқтыратын түзетулер енгізуді кейінге қалдыруға шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде бұл өзгерістер "Венгрияда тіркелген америкалық институттарды кемсітіп, шектейтін міндеттемелер жүктеп, академиялық еркіндік пен тәуелсіздікке қатер төндіретіні" айтылады. Мемлекеттік департамент үкімет "институттармен олардың еркін қызмет етуіне мүмкіндік беретін жол табуда тікелей ынтымақтастық орнатуы тиіс екенін" айтады.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның сөзінше, сәуірде қабылданған түзетулер елдегі университеттерді теңестіруді көздейді. Реформаға қарсылар түзетулер америкалық миллиардер, филантроп Джордж Сорос құрған Орталық Еуропа университетін жабу мақсатында жасалған дейді. Бұған дейін Венгрия билігі АҚШ-тың жаңа заңға қатысты білдірген алаңдаушылықтарын бірнеше рет елемей қойған.

XS
SM
MD
LG