Accessibility links

CPJ Бакуді қамалған журналисті босатуға шақырды


Ниджат Амирасланов, әзербайжандық журналист.
Ниджат Амирасланов, әзербайжандық журналист.

"Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists - CPJ) халықаралық ұйымы Әзербайжан билігін полицияға қарсылық көрсетті деп 30 тәулікке қамалған журналист Ниджат Амираслановты дереу босатуға шақырды. Ұйымның Орталық Азия бойынша бағдарламаларының үйлестірушісі Нина Огнянова мәлімдемесінде Бакуді Амираслановтың апелляциялық шағымына қарсылық танытпауға және "билікті сынайтын журналистерді қудалауды доғаруға" шақырады.

Огнянова сонымен қатар Әзербайжан билігін "журналистерді қолдан құрастырылған, репрессивті айыптарымен түрмеге тоғыту саясатын өзгертуге" де үндеді.

Әзербайжанның солтүстік-батысындағы Газах ауданының тәуелсіз журналисі Ниджат Амирасланов 22 мамырда ұсталып, 23 мамырда сотталған. Журналистің әріптестері мен серіктері оны интернетте билікті сынайтын мақалалар мен жазбалар жариялағаны үшін қудаланып отыр деп біледі.

XS
SM
MD
LG