Accessibility links

БҰҰ Сауд Арабиясын шиит елді мекеніндегі "мәдени мұраны" жоймауға шақырды


Сауд Арабиясындағы әл-Авамия елді мекені.
Сауд Арабиясындағы әл-Авамия елді мекені.

БҰҰ сарапшылары Сауд Арабиясын 400 жылдық тарихы бар шииттік елді мекендерді қиратуын дереу тоқтатуға шақырды. Сауд Арабиясының билігі елдің шығысындағы Әл-Авамия елді мекенінің тарихи ауданы мен басқа да бөліктеріндегі тарихи ғимараттар мен нысандарды қирата бастаған. БҰҰ сарапшыларының мәлімдеуінше, бұл әрекет "бұл тарихи-мәдени мұраның ізін өшіріп", Сауд Арабиясының халықаралық құқық саласында өзіне алған міндеттемелерін бұзады.

Эр-Рияд Әл-Авамияны дамыту - аймақты модернизациялау және "қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне шабуыл жасайтын шиит содырлары" паналайтын жерлерді жою" жоспарының бір бөлігі дейді.

XS
SM
MD
LG