Accessibility links

АҚШ Балқан елдерін Ресей ықпалының күшеюіне қарсы тұруға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Хойт Брайан (оң жақта) Сербия премьер-министрі Александр Вучичпен кездесіп тұр. Белград, 24 мамыр 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Хойт Брайан Балқан түбегі елдерін Ресейдің аймақтағы ықпалын күшейтіп, олардың Батыс елдерімен қарым-қатынасын үзу әрекетіне қарсы тұруға шақырды.

Сербия премьер-министрі Александр Вучичпен кездескен америкалық жоғары шенді дипломат "Біз әрине, Ресей Балқанда бұрынғыдай конструктивті рөл атқарады деп үміттенеміз, бірақ біз Ресейдің не істейін деп жатқанын бақылап, қырағы бола түсуіміз керек" деді.

Хойт Брайан өткен жылы қазан айында Черногорияда "елдің НАТО-ға қосылуына кедергі келтіру үшін Ресей ұйымдастырған болуы мүмкін" делінген мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін еске салды. Ол сонымен қатар Мәскеудің Балқан түбегінің Ресейге аймақтағы жалғыз энергересурстар көзі ретіндегі тәуелділігін қолдау саясатын жүргізіп отырғанын айтты. "Бұл біз әрбір ишараны пасық пиғыл деп қабылдаймыз деген сөз емес. Бірақ біз өз тәжірибемізден Ресей жасаған көптеген қадамның түп мақсаты жақсы болмағанын, аймақтағы елдердің мүддесіне сай келмегенін білеміз" деді Хойт Брайан.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG