Accessibility links

Тергеу: АҚШ-тың наурызда Мосулға шабуылынан 105 тұрғын мерт болған


АҚШ-тың әуе шабуылынан қираған ғимарат. Мосул, Ирак, 17 наурыз 2017 жыл.
АҚШ-тың әуе шабуылынан қираған ғимарат. Мосул, Ирак, 17 наурыз 2017 жыл.

Арнайы әскери тергеудің қорытындысына қарағанда, биыл наурызда АҚШ әскери-әуе күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласына әуеден соққы жасауының салдарынан кем дегенде 105 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Әуе шабуылы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының екі мерген содырына қарсы жасалған. Бұл туралы тергеу комитетінің басшысы, АҚШ әскери-әуе күштерінің генералы Мэтью Ислер хабарлады. Бірақ, оның сөзінше, ол шабуылдан содырлардың ғимаратта сақтаған оқ-дәрілері жойылған.

Ислердің мәліметі бойынша, ғимараттың қирауы салдарынан 101 адам қаза тапқан. Тағы төрт адам көршілес ғимаратта мерт болған. 36 адам із-түзсіз жоғалған.

АҚШ бұған дейін қайғылы оқиғаға "себепкер болуы мүмкін" екенін мойындаған, бірақ оны әдейі жасамағанын мәлімдеген. Былтыр қазанда Ирак билігі ИМ бақылауындағы Мосул қаласын азат ету үшін шетел коалициясының қолдауымен ауқымды шабуыл бастаған.

XS
SM
MD
LG