Accessibility links

Гэри Кон: Ақ үй Ресейге салынған санкцияларды саралап жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі "бұрынғы президент Барак Обама әкімшілігі тұсында Ресейге салынған кейбір санкцияларды зерттеп жатыр және қазір оларды сақтауға қатысты қандай да бір ұстанымы жоқ" деп мәлімдеді 25 мамыр күні Ақ үйдің экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі Гэри Кон. Бұл туралы ол Сицилияда өтетін "Үлкен жетілік" елдерінің саммитіне президент ұшағымен кетіп бара жатқан жолда журналистермен әңгімесінде айтты.

Ақ үй кеңесшісі Брюссельде өтіп жатқан саммит барысында Трамптан оның 2014 жылы Ресейге Қырымды аннексиялап алғаннан кейін салынған санкцияның күшін ұзартпақ ниеті бар-жоғын сұрағанын айтты. Конның сөзінше, президент Трамп әзірге бұл мәселе бойынша шешім қабылдамағанын айтқан.

"Президент бұл мәселені саралап жатыр деп ойлаймын. Қазір бұған қатысты қандай да бір ұстанымымыз жоқ" деген Кон Трамптың "бірнеше нұсқаны" назарда ұстап отырғанын айтты.

Трамп сайлауалды кампаниясында санкцияны жою мәселесін қарастыруға дайын екенін мәлімдеген еді. Бірақ АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Никки Хейли бұған дейін Трамп әкімшілігі Ресей Қырымды Украинаға қайтармайынша санкцияны жоймақ ниеті жоғын айтқан.

Ремсейге қарсы санкцияларды 2014 жылы АҚШ пен Еуропа Одағы жеке-жеке салған, ол содан бері ұзартылып, тізімге ілінгендер ұлғайып келеді.

XS
SM
MD
LG