Accessibility links

Навальныйдың ағасы 1,5 жыл отырған жалғыз кісілік абақтыдан босады


Олег Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ағасы.
Олег Навальный, ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың ағасы.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың ағасы, "Ив Роше" ісі бойынша үш жарм жылға сотталған Олег Навальный бір жарым жыл отырған жалғыз кісілік абақтадын босап шықты. Бұл туралы Алексей Навальный хабарлады.

2014 жылы желтоқсанда Алексей мен Олег Навальныйлер "Ив Роше" компаниясынан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған. Алексей Навальный үш жарым жылға шартты түрде сотталып, ал ағасы Олег үш жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Алексей Навальный ағасын "билік тұтқыны" деп атайды.

Биыл ақпанның соңында Орловск облысының Урицкий аудандық соты Олег Навальныйдың өзін мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішінен бас тартқан.

XS
SM
MD
LG