Accessibility links

Кишинев мэрі коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды


Дорин Киртоакэні полиция ұстап әкетіп бара жатқан сәт. Кишинев, 25 мамыр 2017 жыл.
Дорин Киртоакэні полиция ұстап әкетіп бара жатқан сәт. Кишинев, 25 мамыр 2017 жыл.

Молдова астана Кишинев мэрі Дорин Киртоакэ коррупциялық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Молдованың коррупциямен күрес ұлттық орталығына сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Киртоакэ сонымен қатар қызмет өкілетін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Тұтқындауға дейін мэрдің кабинетінде бірнеше сағат тінту болған. Қала басшылығының ғимаратына мэрдің жақтастары мен қарсылар жиналған. Жақтастары "Мэрге - бостандық!" деп, ал қарсылар "Түрмеге жабылсын!" деп ұрандатты. Киртоакэнің өзі қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

Бұған дейін Кишиневтің екі вице-мэрі, қалалық транспорт басқармасының басшысы, транспорт және жол инфрақұрылымы министрі қамалған. Олардың барлығы еуропашыл Либералдық партияның мүшелері. Киртоакэ - осы партия төрағасының бірінші орынбасары.

Дорин Киртоакэ Кишиневті 2007 жылдан бері басқарады.

XS
SM
MD
LG