Бүгін түнде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 683 километр қашықтықта 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.
Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 1:09 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, жер қабатының 10 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,4.
Жерасты дүмпуінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.