Accessibility links

Тиллерсон британдық тергеу дерегінің тарауына қынжылыс білдірді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон (сол жақта) мен британ сыртқы істер министрі Борис Джонсон. Лондон, 26 мамыр 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон (сол жақта) мен британ сыртқы істер министрі Борис Джонсон. Лондон, 26 мамыр 2017 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы теракт бойынша жүргізіліп жатқан тергеу мәліметтерінің тарап кеткені үшін "толық жауапкершілікті" Вашингтон мойнына алады деп мәлімдеді. Лондонға сапары барысында британ сыртқы істер министрі Борис Джонсонмен кездескен Тиллерсон британ арнайы қызметтерінен алынған деректердің АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына байланысты қынжылыс білдірген.

Теракт бойынша тергеу жүргізген британдық арнайы қызмет америкалық әріптестерімен бөліскен құпия деректер кейін баспасөзде жария болған.

Тиллерсонның сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп құпия ақпараттың тарап кетуін сынға алып, бұл оқиғаны жедел тексеруге шақырған. Президент британ тергеушілерінен алынған ақпараттың жария болуына жауаптыларды жазаға тарту қажет деп санайды.

Британ полициясы тергеудің құпия мәліметтері жария болғаннан кейін АҚШ арнайы қызметтеріне құпия мәліметтер беруді уақытша доғарған. Ұлыбритания үкіметі бұл оқиғаға жауапкершілік Вашингтонға жүктелетіні туралы мәлімдеген. Бірақ, британ қарсы барлау мекемесі АҚШ ресми орындарынан "берік уәде" алғаннан кейін, екі жақ ақпаратпен алмасуды қайта жалғастырған.

XS
SM
MD
LG