Accessibility links

Президент Назарбаев өз атындағы университет түлектерін құттықтады


Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде сөз сөйлеп, осы оқу орнын тәмамдаған студенттерді құттықтады.

«Түлектер еңбек нарығына шыққан кезде бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Олар ірі компанияларда жұмыс істейді", - деген Назарбаевтың сөзіл келтірген Tengrinews агенттігі.

Астана қаласында 2010 жылы құрылған Назарбаев университеті мемлекеттен қаржыландырылады. Биыл оны бітіретін 737 студенттің 499-ы бакалавриат бағдарламасы бойынша, 229-ы – магистратура бағдарламасы бойынша білім алған, ал тоғыз адам осы оқу орнында алғаш рет PhD дәрежесіне ие болды.

XS
SM
MD
LG