Мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының бірінші күні Ауғанстанның шығысындағы Хост уәлаятында жанкешті шабуылынан кемінде 14 адам қаза тауып, 8 адам жараланған деп хабарлады Reuters. Жанкешті әскери база маңында өзін жарып жіберген.
Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, қаза тапқандардың екеуі – балалар. Мерт болған бейбіт тұрғындардың нақты саны әзірше белгісіз.
Бұл шабуылға жауапкершілікті «Талибан» қозғалысы өзіне алған.
Бүгін сондай-ақ Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Бадгис уәлаятының Кадис ауданында қарулы топ үкімет күштеріне шабуылдаған. 6 полиция қызметкері, 8 бейбіт тұрғын және 22 талибандық қаза тапқан. 17 азаматтық тұлға мен шабуылдағандардан 33 адам жараланған.