Accessibility links

"ИМ" тобы Египеттегі копт христиандарына шабуылға жауапкершілікті алды


Әулие Самуил монастыры. Мина, Египет.
Әулие Самуил монастыры. Мина, Египет.

"Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы Египетте жұма күні копт христиандарына жасалған шабуылға жауапкершілікті өзіне алды. Экстремистер 32 адамды өлтіргендері туралы мәлімдеген.

Египет билігінің мәліметі бойынша, шабуыл салдарынан 29 адам мерт болған, жараланған 13 адам ауруханада жатыр.

Билік ақпаратында елдің оңтүстігіндегі Мина провинциясындағы монастрға кетіп бара жатқан копт христиандары мінген автобусқа бет-жүзін жасырған қарулы топтың шабуыл жасағаны айтылған.

Шабуылдан кейін Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сисидің айтуынша, "Ислам мемлекеті" террорлық тобының Ливиядағы жаттығу базасына әуеден соққы берілген. Сенбі күні египеттік әскерилер копт христиандары мінген автобусқа шабуылдаған содырлар дайындықтан өткен бірнеше базаның жойылғаны туралы хабарлады.

XS
SM
MD
LG