Accessibility links

Балуан Максим Раков - Азия чемпионы


Максим Раков (ақ формада) Лондон олимпиадасында.
Максим Раков (ақ формада) Лондон олимпиадасында.

Гонконгта дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Максим Раков 100 келі салмақ дәрежесінде бәсекелестерінің бәрінен үздік шықты. Ол алғашқы айналымда моңғолиялық Джанчивдорж Бунддоржды, өзбекстандық Шерали Джураевты, финалда оңтүстік кореялық Хьюн Чол Кимді жеңді. Раков 2009 жылы Азия чемпионатында және әлем біріншілігінде алтын алған.

Ал 90 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Ислам Бозбаев дзюдодан Азияның күміс жүлдегері атанды. Ол алғашқы белдесулерінде қырғызстандық Шахриер Идрисовті, өзбекстандық Шахзодбек Содировты, оңтүстік кореялық Дон Хан Гвакты жеңген. Бірақ финалда тәжікстандық Комроншох Устопирионнан ұтылып қалды.

Әйелдер арасында Зере Бектасқызы (70 келі) мен Гүлжан Исанова (+78 килограмм) қола медаль алды. Жарыстың бірінші күні Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг күміс, Жансай Смағұлов қола медаль иеленген.

Қазақстан командасы Азия чемпионатында бір алтын, үш күміс, үш қоламен жалпы есепте Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында тұр.

Дзюдодан Азия чемпионаты 28 мамырда командалық жарыспен аяқталады.

XS
SM
MD
LG