Accessibility links

Иранның жоғарғы көсемі Сауд Арабиясы басшыларын "ақымақ" деп атады


Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 17 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет)
Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи. Тегеран, 17 мамыр 2017 жыл. (Көрнекі сурет)

Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Сауд Арабиясы басшыларының АҚШ-пен ынтымақтастығын "пайдасыз" деп бағалап, саудиялық лидерлерді "ақымақтар" деп атады. Әли Хаменеи АҚШ-пен ынтымақтастық саясаты "құлдырауға" әкеледі дейді.

27 мамыр күні аятолла Әли Хаменеи Сауд Арабиясы басшыларын АҚШ-тың "құйыршықтары" атады. Ол бұл сөзін Сауд Арабиясы АҚШ-пен қорғаныс және қару-жарақ саласында 110 миллиард долларға келісімдер жасасқанына (20 мамыр күні) қарсы айтқан. Оның сөзінше, Сауд Арабиясы басшылары "Ислам жауымен ақша арқылы достасқысы келетін ақымақтар". Бұл туралы Ирандағы жартылай ресми Fars агенттігі хабарлады.

Ол Сауд Арабиясының басшыларын "мұсылман әлемінің бір бөлігінің тағдырымен ойнап отыр" деп айыптаған. Хаменеи Рамазан айы басталуы құрметіне өткен діни жиында айтқан уағызында «Олар ислам жауымен достасып жүр, керісінше Бахрейн мен Йемен мұсылмандарына қастасып отыр. Олар құриды (құлдырайды)» деген. Әли Хаменеидің бұл мәлімдемесі Twitter аккаунтында да жарияланды.

Хаменеидің сөздері бұл елдің президенті Хасан Роухани Катар әмірімен телефон әңгімесінде "Иранның Парсы шығанағы елдерімен қатынасын жақсартатынын" айтқан күні жарияланды.

XS
SM
MD
LG