Accessibility links

Мәскеу полициясының өлең оқыған баланы ұстағанын сынады


Мәскеу көшесінде Уильям Шекспирдің өлеңін оқып тұрған 10 жасар баланы ұстаған полиция қызметкерінің видеодан алынған скришоты. 26 мамыр 2017 жыл.
Мәскеу көшесінде Уильям Шекспирдің өлеңін оқып тұрған 10 жасар баланы ұстаған полиция қызметкерінің видеодан алынған скришоты. 26 мамыр 2017 жыл.

Мәскеу көшесінде Уильям Шекспирдің өлеңін оқып тұрған 10 жасар баланы ұстаған полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде сынға ұшырады.

Полицияның баланы ұстаған видеосы 26 мамырда жарияланған еді. Онда полиция ұстаған кезде қорқып, айғайлаған бала көрсетіледі. Полицейлер баланы бөлімшелеріне апаратындарын мәлімдеп, "бала ересектерсіз көшеде жалғыз жүр" деген уәж айтқан. Баланың жанында жүрген анасы полицияны тоқтатпақ болған. Полицейлер оны ысырып тастап, баланы алып кеткен.

Баланың әкесі жалдаған а​двокат кейінірек Twitter желісіне "полицейлердің баланы босатқанын, отбасынан керішім сұрағандарын" хабарлады.

Ресей президенті жанындағы балалар құқығы бойынша уәкіл Анна Кузнецова полицейлер әрекетінің заңдылығына күмән келтірді. Оның бұл пікірін омбудсменнің баспасөз қызметі 27 мамыр хабарлады. Оның сөзінше, "оқиға туралы нақты пікір білдіруге әлі ерте". Дегенмен Кузнецова видеодағы көріністер полиция әрекетінің заңдылығына күмән тудыратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG