Accessibility links

Манчестердегі теракт бойынша ұсталғандар саны 15-ке жетті


Манчестер көшесінде тұрған полицейлер. 25 мамыр 2017 жыл.
Манчестер көшесінде тұрған полицейлер. 25 мамыр 2017 жыл.

Британ полициясы Манчестердегі терактіге қатысты іс бойынша тағы екі адамды ұстады. Ресми мәлімдемеде 25 және 19 жастағы екі адамның ұсталғаны айтылады. Терактіге қатысты ұсталғандардың жалпы саны осымен 15-ке жетті. Олардың арасында терактіні жасады деген күдікті Салман Абедидің ағасы Исмаил Абеди де бар. Кейін ұсталғандардың екеуі айып тағылмай, босатылды, 13-і қамауда отыр.

Ұлыбритания ішкі қауіпсіздік министрі Амбер Радд BBC-дің жарылысқа күдікті топтың өзге де мүшелері бостандықта қалуы мүмкін бе деген сауалына "Мүмкін. Арнайы операция әлі жалғасып жатыр" деп жауап берген. Манчестерде 22 мамырда концерт кезінде жанкешті жасаған жарылыстан 22 адам қаза тауып, 60-тан астам адам ауруханада жатыр, олардың 23-інің жағдайы ауыр.

Радтың айтуынша, полиция экстремист болуы мүмкін деген күдікті үш мың адамды бақылап отыр. Бірер күн бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елдегі террористік қауіп-қатер "қиын" деңгейден "қатаң" деңгейге түсірілгенін мәлімдеген. Ол көшелерде әскердің торуылдауы тоқтатылатынын, бірақ халық "қырағы болуы тиіс" екенін айтты.

XS
SM
MD
LG