Accessibility links

Қызылордада Аралды қорғауға арналған халықаралық форум өтеді


Арал теңізінің Қазақстан жағындағы бөлігі. Қызылорда облысының Арал ауданы Қызылжар ауылы, шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).
Арал теңізінің Қазақстан жағындағы бөлігі. Қызылорда облысының Арал ауданы Қызылжар ауылы, шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Қызылордада 30-31 мамыр аралығында Арал теңізін тұрақты дамытуға арналған халықаралық форум өтеді. Бұл шараға Орталық Азия, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк өкілдері қатысады.

Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік ету рөлі Өзбекстаннан Түркіменстанға өтті. Ресми Ашхабад қорға енді үш жыл бойында басшылық етеді. Өткен жылға дейін қорды Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов басқарып келген.

Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының басшысы Нариман Қыпшақбаев Азаттыққа берген сұхбатында соңғы жылдары Аралды қалпына келтіруге қатысты жұмыстар тоқтап қалғанын айтады. Оның сөзінше, қорға жетекшілік ету міндетін үш жыл бұрын Өзбекстан алғаннан кейін жобалар жүзеге асырылмай қалған.

Түркіменстан Әмудария арнасы жағында орналасқан, бұл ел Сырдария суын пайдаланбайды.

"Осы тұрғыдан алғанда Түркіменстан Сырдария суын пайдаланатын Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға салмақты сөз айта алады. Әдетте әр жылдары суды пайдалануға байланысты аталған елдер арасында әртүрлі проблемалар шығып тұрады" дейді Нариман Қыпшақбаев.

XS
SM
MD
LG