Accessibility links

Қырғызстанда жергілікті кеңес сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды


Жалал-Абадтағы қалалық кеңес сайлауына арналған баннер. Қырғызстан, 26 мамыр 2017 жыл.
Жалал-Абадтағы қалалық кеңес сайлауына арналған баннер. Қырғызстан, 26 мамыр 2017 жыл.

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс өткен қалалық кеңеске сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ош облысының Ноокат қаласында биліктегі Социал демократиялық партиясы (СДП) 53,3 пайыз, "Элдик" партиясы - 17,96 пайыз, "Республика" партиясы - 11,11 пайыз және "Замандаш" партиясы 8,96 пайыз дауыс жинаған.

Қазірге дейін Жалал-Абадта 25 сайлау учаскесінің 23-інің сайлау бюллетені саналған. Мұнда дауыстарды есептеу қорытындысы бойынша "Онугуу-Прогресс" партиясы (24,18%) алда тұр. Екінші орында СДП партиясы (24,16%), үшінші орында "Мекенім Қырғызстан" партиясы (13,87%) тұр.

Қадамжай өлкесінде әзірге "Мекеним Қырғызстан" партиясы алда келеді. Одан кейін "Онугуу-Прогресс" пен СДП партиялары көп дауыс алған. Қара-Балтада алдын ала нәтиже бойынша "Эламан", СДП, "Республика" партиялары көш бастап тұр.

Қырғызстанда 28 мамырда 41 жергілікті кеңеске, оның ішінде 8 қалалық, 33 ауылдық кеңеске сайлау өтті. Сайлаушылар барлығы 811 депутатқа, оның ішінде ауылдық кеңестердің 613 депутатына және қалалық кеңестердің 198 депутатына дауыс берді.

XS
SM
MD
LG