Accessibility links

Демократтар Кушнердің өзіне қатысты айыптауға жауап беруін талап етті


Джаред Кушнер, Ақ үйдің кеңесшісі, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы.
Джаред Кушнер, Ақ үйдің кеңесшісі, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы.

АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері Ақ үй кеңесшісі Джаред Кушнер қайын атасы Дональд Трамп президент қызметіне кіріскенге дейін Ресеймен құпия байланыс орнатуға тырысты деген ақпаратқа қатысты жауап беруін талап етіп жатыр. Демократтар өкілі Адам Шифф өкілдер палатасының барлау ісі жөніндегі комитетінің отырысында Трамп әкімшілігіндегі маңызды өкілдердің бірі 2016 жылғы сайлауға килікті деп айыпталған елмен құпия байланыс орнатпақ болды деген ақпарды "өте алаңдатарлық" деп атады. Кейбір демократтар Кушнерге құпия материалдарды пайдалануға берілген рұқсат жойылуы тиіс деп санайды.

Кушнерге қатысты алғашқы айыптау New York Times және Washington Post газеттерінде жарияланған. Басқа ақпарат құралдары да Кушнердің "Кремльмен байланыс орнатпақ болғаны" туралы хабарлаған. Трамп Twitter-де БАҚ-тағы өз әкімшілігіне қатысты ақпараттарды "қолдан жасалған жалған" деп атады. "Менің пікірімше, Ақ үйден шығатын көптеген ақпар - #FakeNews БАҚ-тар ойдан құраған жалған" деп жазды АҚШ президенті.

XS
SM
MD
LG