Accessibility links

Атамбаев президент сайлауы өтетін жаңа мерзімді атады


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елде кезекті президент сайлауы 15 қазанда өтетінін мәлімдеді. Бұған дейін ол сайлау өтетін күн деп 19 қазанды атаған еді.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, президент сайлаудың жаңа уақытын ел қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы құрметіне арналған салтанатты шарада айтты. Оның сөзінше, 15 қазанда халық жаңа президентті сайлайды.

"Соңғы бірнеше айда өткен күндерді еске алып, президент ретіндегі қызметімді талдап жүрмін. Құдайға рахмет! Соңғы бес-алты жылда оның көмегімен елді толғандырған көптеген проблема шешілді" деді Атамбаев.

Алмазбек Атамбаев ақпанда Ұлттық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабековамен кездесуінде конституция бойынша сайлау 19 қарашада өтетінін мәлімдеген еді. Кейін парламенттегі оппозициялық "Ата Мекен" фракциясы сайлау қарашаның соңына қарай өткізілсе, конституция бұзылатынын айтып, дауыс беруді тамыз айында өткізуді ұсынған.

Қырғызстан президентін сайлау күні әлі нақты белгіленген жоқ. Парламент сайлау күнін қарашаның үшінші жексенбісінен қазанның үшінші жексенбісіне ауыстыруды қарастыратын заң жобасын екі оқылымда мақұлдаған. Биыл қбұл жаңа мерзім қазанның 15-сіне түседі.

XS
SM
MD
LG