Accessibility links

Шымкенте жалғыз үйде тұратын отбасы көшірілді


Тамара Сейсенованың отбасы бұған дейін тұрып келген елсіздегі үй. Шымкент, 30 наурыз 2017 жыл.
Тамара Сейсенованың отбасы бұған дейін тұрып келген елсіздегі үй. Шымкент, 30 наурыз 2017 жыл.

Шымкенттегі қараусыз қойма ортасындағы 9 шаршы метрлік үйшікте тұратын екінші топ мүгедегі Тамара Сейсенованың отбасы қала ортасындағы екі бөлмелі жеке тұрғын үйге көшірілді.

Әл-Фараби аудандық әкімдігі Тамара Сейсенова мен оның отбасындағы үш немересі және келіні Айман Акмашты қала ортасындағы екі бөлмелі жалдамалы жеке тұрғын үйге кіргізді.

Әкімдіктің бөлім басшысы Жанет Тұрбековтың айтуынша, аудан әкімдігі қаңтар айынан бері бұл отбасының жағдайымен таныс, бүгінге дейін тұрақты түрде азық-түлік әкеліп беріп, көмектесіп отырған.

- Алдағы уақытта Айман Акмаштың жолдасын тұрақты жұмыспен қамтуға және мемлекеттік тегін пәтер алу үшін кезекке қоюға көмектесеміз, - дейді Жанет Тұрбеков.

Әкімдік екі бөлмелі үйді айына 25 мың теңгеден жалға алып, бір жылдық ақысын төлеген.

ВИДЕО: Тамара Сейсенова мен оның отбасы туралы Азаттықтың бұған дейінгі репортажы (05.05.2017)

Азаттықтың бұл отбасы туралы бұған дейін жазған материалын мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

XS
SM
MD
LG