Accessibility links

Черногория Мәскеудің өз депутатына қатысты әрекетіне наразы


Миодраг Вукович, Молдова депутаты.
Миодраг Вукович, Молдова депутаты.

Черногория өз депутаты Миодраг Вуковичтің Мәскеу әуежайында басқа ұшаққа ауысып отыруына рұқсат берілмеуін "лайықсыз қарым-қатынас жасау" деп атап, наразылық білдірді. Парламенттің биліктегі Демократиялық партиядан сайланған танымал депутаты Миодраг Вукович Беларуське баратын жолында Домодедово әуежайының транзиттік аймағында түнеп шығуға мәжбүр болып, үйіне 29 мамырда оралғанын мәлімдеген. Черногория сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде бұл оқиғаның "негізгі халықаралық ережелер мен дипломатиялық тәжірибені бұзатыны" айтылған.

Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың сөзінше, Черногория Батыс елдерінің Ресейге Украинаға қарсы басқыншылық саясат жүргізгені үшін салған санкцияларын қолдағанына жауап ретінде Кремль Вуковичтің транзит арқылы ұшуына тыйым салған. "Черногорияның Еуропа Одағының санкцияларына, оның ішінде кейбір ресейліктерге қарсы шараларына қосылғаны құпия емес. Біз дипломатияда қолданылып келгені сияқты жауап шараларын қабылдауға хақымыз бар" деді Захарова. Оның сөзінше, Черногория билігіне бұған қатысты "тиісті түсініктеме" беріледі. Вукович оқиғаның саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG