Accessibility links

Сағынтаев: Әзербайжаннан БЖЗҚ қаржысын қайтару бойынша өкіл тағайындалды


Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) Әзербайжан халықаралық банкіне салынған қаржысын қайтару бойынша арнайы өкіл тағайындалғанын мәлімдеді. Мамырдың ортасында БЖЗҚ 71,3 миллиард теңге (шамамен 225 миллион доллар) салған Әзербайжан халықаралық банкінің дефолт болғаны хабарланған.

"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңға сай БЖЗҚ-ның иесі үкімет болып саналады және мемлекет зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Осыған байланысты үкімет Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтерінің сақталуына тікелей мүдделі және премьер-министрдің арнайы өкілін тағайындады. Мен әзербайжандық әріптесіммен, премьер-министрмен сөйлестім. Ол мені банктің барлық кредиторларға қарызын қайтару процесіне жан-жақты көмек көрсететініне сендірді" деген Сағынтаев үкімет отырысында.

Сағынтаевтың сөзінше, 23 мамырда Лондонда Қазақстан Ұлттық банкі мен үкіметі қатысқан шетелдік кредиторлармен кездесуде "қарызды қайтарудың шарттары егжей-тегжейлі" айтылған.

БЖЗҚ-да қазақстандықтардың зейнетақы қаражаты жинақталады. Заң бойынша, әрбір жұмысшы жалақысының 10 пайызы осы қорға аударылады. БЖЗҚ активтерін Ұлттық банк басқарады. Мамырдың басындағы мәлімет бойынша, БЖЗҚ-да 6,9 триллион теңге (22 миллиард доллардан астам) жинақталған. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев өткен аптада Алматыда болған баспасөз конференциясында БЖЗҚ қаржысын әзербайжан банкіне салу туралы шешімді Ұлттық банктің бұрынғы басшылығы қабылдағанын мәлімдеген.

AzattyqLIVE хабарында БЖЗҚ активтерін Әзербайжан банкіне инвестициялау мәселесіне қатысты сауалдарға экономист Рақым Ошақбаев жауап берді (18.05.2017):

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG