Accessibility links

Қызылордада Аралды қорғауға арналған халықаралық форум өтіп жатыр


Арал теңізі құрғауының әр жылдардағы спутниктен түсірілген көрінісі.
Арал теңізі құрғауының әр жылдардағы спутниктен түсірілген көрінісі.

Қызылордада Арал теңізін қорғауға арналған халықаралық форум өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Форумға Қазақстан мемлекеттік хатшысы, парламент депутаттары, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Дүниежүзілік банк өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

Форумның талқылауына Арал теңізі аймағының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Арал теңізі құрғауының ғаламдық климаттың өзгеруіне әсері мәселелері ұсынылған.

Форум қорытындысында Арал теңізінің шығыс жағалауынан "Жасыл белдеу" құру туралы жобаға, жабайы жануарларды климаттың өзгеруіне жерсіндіру жобасы, Қамыстыбас көлінің жағалауында "Арал" ғылыми-туристік орталық құру сияқты хаттамаларға қол қою жоспарланған. Форум 31 мамырда аяқталады.

Аралды құтқару жөніндегі қорға жетекшілік ету рөлі Өзбекстаннан Түркіменстанға өтті. Ресми Ашхабад қорға енді үш жыл бойында басшылық етеді. Өткен жылға дейін қорды Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов басқарып келген.

Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының басшысы Нариман Қыпшақбаев Азаттыққа берген сұхбатында соңғы жылдары Аралды қалпына келтіруге қатысты жұмыстар тоқтап қалғанын айтқан. Оның сөзінше, қорға жетекшілік ету міндетін үш жыл бұрын Өзбекстан алғаннан кейін жобалар жүзеге асырылмай қалған.

XS
SM
MD
LG