Accessibility links

Путинцева Roland Garros турнирінің 3-айналымына өтті


Юлия Путинцева.
Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева Парижде өтіп жатқан Roland Garros турнирінің үшінші айналымына шықты. Ол екінші турда Юханна Ларссонды (Швеция) 6:3, 1:6, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 20 минутқа созылды.

Енді ол үшінші айналымда былтырғы осы жарыстың жеңімпазы Гарбине Мугураса (Испания) мен Анетт Контавейт (Эстония) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Путинцева бірінші айналымда франциялық Миртиль Жоржесті (204-ракетка) 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді. Былтыр Юлия Путинцева осы жарыстың ширек финалына дейін жетіп, америкалық Серена Уильямстан жеңілген.

Биылғы Roland Garros жарысына тағы екі қазақстандық теннисші қатысып жатыр. Ярослава Шведова (45-ракетке) бірінші айналымда украиналық Елина Свитолинадан (6-ракетка) жеңілген.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин (85) бірінші айналымда әлемдік рейтингте 113-орында тұрған Теннис Сандгренді (АҚШ) 6:2, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өтті. Кукушкин бүгін әлемнің 18-ракеткасы Роберто Баутиста-Агутпен (Испания) ойнайды.

Roland Garros - жүлде қоры ең көп Grand Slam турнирлерінің қатарына енетін жарыс.

XS
SM
MD
LG